Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адыраспанмен үйді, көлікті, баланы аластау қаншалықты дұрыс? (фото, видео)

Адыраспанның емдік қасиетін медицина ғылымы дәлелдеп қойған. Ол кәдімгі түрлі ауруларға дауа болатын өсімдік. Науқастың дертіне қарай қолдану әдісі де алуан түрлі екен.

4

Ал сол адыраспанды тіл-көзден сақтануға, жамандықтан қорғану үшін пайдалану қаншалықты дұрыс екенін Stan.kz  тілшісі анықтап көрген еді.

77 жастағы Зүбайда Дүйсенова бала күнінен адыраспан өсімдігінің пайдасын үлкендерден білген. Қасиетті шөптің емдік пайдасын қазіргі күнге дейін пайдаланады.

3

«Адырасп жайлы айтар болсақ тарихы тереңде. Оны қазақтың ата-бабасы қолданған. Адыраспан қасиетті болғандықтан оны биіктеу, таза жерде ұстайды»,-дейді Зүбайда ана.

Сондықтан болар бұл шөпті әсіресе, оңтүстік халқы үйлерінің қабырғасына жиі іліп қояды.

1

«Бесікті нәрестені жатқызардың алдында адыраспан түтетеміз. Ол бұрыннан кележатқан нәрсе. Бала шошымай, тыныш , жақсы ұйықтайды. Ал балалар тұмау болып қалса, үйді аластаймыз. Айтатын сөзімізді айтамыз. Емдік қасиеті де өте көп. Мысалы, ішіңіз ауырса таза піскен дәнінің үш-төрт талын ішіп жібересіз.

2

Барлық ауруды бірден қойдырады. Үйдің қуыс-қуысын адыраспанмен аластап шықсаңыз, көптеген жаман дүниелерден аулақ боласыз. Адыраспан өсіп тұрған кезде, өзінің пісетін уақыты болады. Сол кезде таза жүретін адам, айтатын сөзін айтып жұлып алады. Адыраспанды кез келген адам жұлмайды»,-дейді 77 жастағы Зүбайда ана.

5

Ал дінде адыраспан жайлы былай делінген: «Адыраспанның діни тұрғыдан ешқандай орны жоқ. Басқаша айтқанда дінге қатысы жоқ. Бірақ, медицина жағынан дезинфекция ретінде пайдалы екені айтылады. Діни ритуал ретінде емес. Адыраспан сияқты көптеген шөпті өртеп, көз тиген баладан айналдыру (аластау) жаиз болып табылады»

адыр

Көпшілік осы пәтуаға байланысты адыраспан шөбіне сеніп, үйін, балаларды аластайтындарға да қарсы. Ал сіз оқырман, адыраспанды қандай жағдайда пайдаланған дұрыс деп ойлайсыз?

Оқи отырыңыз:

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)

13 жаста тұрмысқа шыққан анаға 51 шөбересі тосын сый жасады (фото)

Күйеуімен Норвегияға көшіп кеткен Ақкенже Әлімжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Төрт баланың анасы өмір бойы күйеуінің көзіне шөп салып келгенін айтып өкінді

Талқылау