Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Adidas» кроссовкасын киген моңғол мумиясының жасы анықталды (фото)

Моңғолияда табылған әйелдің мумиясы IX-X ғасырдағы Қырғыз қағанатына тиесілі болып шықты.

20170208162537

Моңғол және Ресей орхеологтары Алтай тауының  Батыс Моңғолия жағынан 1500 жылдық әйелдің мумиясын тапқан еді.

Зерттеушілер заттың 9 түрлі үлгісін сараптама жасау үшін АҚШ-қа жіберді, деп хабарлайды Gogo.

«Мәйіт киізге оралған. Әйелдің аяғында Adidas фирмасының спорттық аяқ киіміне ұқсас  пәтіңке болды. Мамандар қазір киізді ашып әйелдің денесі мен жанынан табылған қосымда бұйымдарды зерттеуді бастап кетті»,-дейді мұражай қызметкері.

20170208162604

Сараптама нәтижесі бойынша, табылған адамның денесі IX-X ғасырдағы Қырғыз қағанатына тиесілі екені блгілі болды. Археологтар ежелгі қабірден 40-тан астам артефакт: ер-тоқым, жүген, балшықтан жасалған құмыра, ағаш тостаған, астау, темір қазан, жылқының тұтас қалдықтарын тапты.

Ховд аймағы мұражайының маманы Сүхбаатар мумия әйелдің ақсүйектер отбасынан емес, қарапайым халықтың арасынан шыққанын айтады. Себебі, ол жібек матадан тігілген киімдер кимеген.

20170208162556

Бұған дейін мумияның аяғында болған аяқ-киімді желі қолданушылары «Адидас» фирмасының кроссовкасына ұқсатып, қызу талқылаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Он жасар қыз жанып жатқан үйден бес бауырын құтқарды

11 ақпанда Ай тұтылып, комета Жерге жақындайды

Отбасылы әйел клиенттердің үйін тыр жалаңаш жүріп жинайды (фото)

Талқылау