Археологтар 1500 жылдық «кроссовки киген» мумияны тапты

Жексенбі, 31 Шілде , 2016 18:01

Моңғол және Ресей орхеологтары Алтай тауының  Батыс Моңғолия жағынан 1500 жылдық әйелдің мумиясын тапты. Бұл туралы  моңғол мұражайының өкілі РИА жаңалықтары қызметіне хабарлаған.

сахранять

Оның сөзінше мумияның жасы 1,5 мың жылдық. Әйелдің денесі таудың 2803 метр биіктігіне жерленген. Тау биігінің салқындығы мәйітті сол қалпында сақтап ғана қоймай, өзгелердің тонап кетуінен де қорғаған көрінеді.

«Мәйіт киізге оралған. Әйелдің аяғында Adidas фирмасының спорттық аяқ киіміне ұқсас  пәтіңке болды. Мамандар қазір киізді ашып әйелдің денесі мен жанынан табылған қосымда бұйымдарды зерттеуді бастап кетті»,-дейді мұражай қызметкері.

Оның сөзінше адам денесінің қасында аттың ері, жүген,қойдың басы, жастық, лайдан жасалған құмыра, ағаш қасық, ожау, темір қазан, Орталық Азия халықтарына тән  монғолдар мен түріктердің ұлттық киімі болған.  Мұнымен қатар қойдың омыртқасы мен қозының сүйектері салынған жүк сөмкесі, оның ішінде кесеге арналған таза былғарыдан жасалған қапшық болыпты.

Мумияның табылғаны жөніндегі ақпарат жұрт арасында үлкен талқыға түскен. Әйелдің суретін желі қолданушылары аз уақыттың ішінде бір-біріне  таратып үлгерген. Олар әйелдің сол заманда саяхатшылықпен айналысқанын болжап жатыр.

 

«Адамдар аяғына «Adidas кроссовкасын киген» әйел сол заманда саяхатшысы болған деп ойлайды»,-деп жазды желі қолданушысының бірі.

 

 

 

Мамандар мұның түрік әлеміндегі ешкім қол тигізбеген алғашқы қабір екенін айтуда. Олар әйел мәйітінің қасынан табылған бұйымдардың сапасы мен асқан шеберлікпен жасалғанына таң қалған.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар