Әдейі өрт қоюы мүмкін: Алматыда журналист, қоғам белсендісі Динара Егеубаеваның ауласындағы көлігі өртенді
Алматыда үйінің ауласында журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КазТаг порталына сілтеме жасап.
Көлік көпқабатты үйден бірнеше метр жерде болған. Оқиға орнына полиция мен өрт сөндірушілер келді. Динара Егеубаеваның қолдаушыларының сөзінше, көлікке өрт әдейі қойылған.
"14 қаңтарда сағат 23:54-те Бостандық ауданы, Хусаинов көшесіндегі 225-үйдің жанында сағат 00:01-де 2018 жылғы Kia Soul автокөлігінің салонынан жалпы алаңы 2 шаршы метр өрт шыққан", - делінген сенбі күні хабарламада.
26 желтоқсанда Егеубаева бір топ белсенділермен "Алтыншы қаңтар" деп атаған мәжіліс сайлауына қатысатын блок құратынын мәлімдеген болатын.
Алматы қалалық полиция Департаменті, аталған дерек ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық іс бойынша өндірісті қалалық полиция басқармасы тергеу басқармасы жүргізуде.