Сілекейі әсер еткен: Адамзат пайда болуының тағы бір себебі айтылды
АҚШ-тың Буффало университетіндегі зерттеушілердің айтуынша, ет жеу мен тағам әзірлеу адам эволюциясына алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, ежелгі адамдардым тамақтану әдеті олардың сілекей құрамының өзгеруіне әкеп соққан. Адам сілекейінің маймыл тұқымдастардың сілекейінен негізгі айырмашылығы - оның құрамында ақуыздардың ерекше түрі және сутектес болуында. Зерттеу барысында, адам сілекейінің құрамы горилла мен шимпанзе сілекейлерімен салыстырылған.
Тәжірибе адам сілекейінің крахмалды ерітіп, майды түрлендіре алатындығын көрсеткен. Сонымен қатар, адам сілекейінде амилаза (крахмалды қантты айналдыруға жауап беретін ақуыз), карбоангидраза 4 (дәм сезу процесіне қатысатын ақуыз), цинк-альфа-2-гликопротеин (майдың зат алмасуға қатысуын қамтамасыз ететін ақуыз) мөлшері жоғары екендігі, сілекейдің көбіктенуіне жауап беретін ақуыз - латерин көлемінің аздығы анықталды.
Бұл нәтижелер маймылдардың тағамды шайнауға біраз уақыт жұмсайтынын, ал адамдар шайнау үрдісін оңайлату мақсатында оны пісіруді әдетке айнылдырғаны сондықтан деп түсіндіреді. Сонымен қатар, зерттеушілер адам аузында қалыптасатын сілекей біздің сөйлеуіміздің жетілуіне де септігін тигізді деп сендіреді.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді