Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдардың жауапсыздығынан": Атырауда қамыс өртеніп, жалыны өршуде

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Атырау облысындағы қамыстан шыққан өрттің екі күн ішінде сөндірілетінін мәлімдеді. Айтуынша, жалынның шығуына адамдардың жауапсыздығы себеп болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

павлодар өрт

Мәжілісте Ильин Атырау облысындағы жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.

“Бүгін немесе ертең біз өртті толығымен жоямыз", – деді ол.

Министр жалынның негізі себебі адами факторлардан болғанын ашып айтты. Адамдардың заңсыз аңшылық пен балық аулауға шығуынан екенін болжады. 

"Өрттердің 80 пайыздан астамы адамдардың жауапсыздығынан болады. Атап айтқанда тыйым салынған кезеңдерде адамдар заңсыз аңшылық пен балық аулауға шығып өрттің тұтануына жол берді. Міне бұл кейін үлкен жалынға айналуда", – деп қосты Ильин.

Атырауда қатты желден қамыстардың өртенген аймағынан жалын жайыла бастаған.  Қазір мұнда өртті сөндіру үшін қосымша ұшақтар жеткізілуде. 

Еске салсақ, бұған дейін Каспий жағалауындағы қамыс өртінен кейін Атырау қаласын қалың түтін басқанын хабарлаған болатынбыз.

Талқылау