Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдарды көлікпен басып өткен: Оқиғаға қатысты тағы бір видео пайда болды (видео)

Алматыда адамдарды көлікпен таптап өткендердің әрекеті қазақстандықтарды шошытты. Бүгінде күдіктілердің бірі ұсталса, екіншісі әлі іздестірілуде. Ал желіде оқиғаға қатысты тағы бір видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Адамдарды көлікпен басып өткен: Оқиғаға қатысты тағы бір видео пайда болды (видео)

Желіде оңтүстік шаһарда орын алған атышулы оқиға өзге қырынан түсірілген видео пайда болды. 

«Адамдарды таптап өткен екі жігітті ақтай бастады, олар екеу ғана болды дейді. Шындығында, топ болып төбелскен», - делінеді видео астындағы жазбада. 

Айта кетсек, оқиғаға қатысты күдіктеліп отырғандар ағайынды болып шыққан еді. Бүгінде олардың бірі тұтқындалған. Олар мұндай әрекетімен қарсыластарын қорқытпақ болғанын айтады. 

 

Еске салсақ, 26 тамыз күні Алматыда көлікті қару ретінде пайдаланған төбелес болды. Оқыс оқиға Бостандық ауданындағы Гагарин-Дружба көшелерінің қиылысында таңғы сағат бес шамасында орын алғаны хабарланған болатын. 

Ал күдіктілердің анасы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді. Ол сол түні ұлдарының туысының туған күнін атап өткенін айтты. Жігіттер дәмханадан шыққан кезде, оларға 13 адам тап берген, дейді. 

Мұнан кейін көліктің астында жаншылып, зардап шеккен ер адам да сол түні не болғанын баяндады. Ол төбелесті қарсыластарының бастағанын, өздерін біреулермен шатастырған болуы мүмкін екенін айтты.

Талқылау