AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар қашып жатыр": Алматыда элиталық үйдің тұрғындарына қауіп төніп тұр

Алматыдағы Mountain Drive тұрғын үй кешенінің жанында топырақ опырылып, оған алаңдаған тұрғындар жақын маңдағы объектіні салуды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Былтырдан бері тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйлерінің жанынан іргетас қазуға кіріскен құрылыс салушыны тоқтатуға тырысқан. Жұрт опырылып кетпес үшін көктемге дейін жерді нығайтып алу керектігін бірнеше рет айтқан. Бұған жауап ретінде құрылыс компаниясы бетонды қатайтып қойғандарын айтқан. Бірақ бұл көмектеспей, тұрғын үй кешенінің жанындағы жер түсе бастады.

"Тұрғындар шошып қалған. Өйткені мұндағы пәтерлер шынымен де арзан емес еді. Адамдар тыныш әрі жайлы тұру үшін сатып алған. Ал қазір біздің тұрғын үй кешені соғыс объектісіне ұқсайды: барлық жерде шұңқырлар, жарықтар бар. Адамдар мұнда өмір сүруге қорқады.Топырақ шұңқырға қарай түсіп жатыр. Ең қауіптісі – ауланың жартысын жоғалтуымыз мүмкін", -  деді Mountain Drive ТК меншік иелері бірлестігінің төрағасы Руслан Килимов.

Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғындары қазір бұл жерден қашып жатыр. Пәтерлерде жарықтар пайда бола бастады, адамдар өз өмірі үшін қорқады. Көпшілігі туыстарының үйінде түнейді.

“Қазір апат, қасірет қаупі бар. Бұл құрылысты тоқтату керек. Құрылысқа тыйым салу қажет. Өйткені 10-15 метр жерде құрылыс жүріп жатқанда жақын жерде салынған,  бой көтерген үйлер зардап шегеді. Жарылып, бүтіндігі бұзыла бастайды", - дейді Mountain Drive тұрғын үй кешенінің тұрғыны Айгүл Өтемісова.



Тұрғындар Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасына арызданған соң құрылыс салушыға жоспардан тыс тексеру басталып, жеке компания құрылыс салушыға берген оң сараптамалық қорытындысында заң бұзушылықтар анықталған.Ол жер бойындағы тірек қабырғаға байланысты кемшіліктерге көз жұмыпты. Осылайша, шешімнің күші жойылды. Құрылыс тоқтатылды.

"Бүрдіру бетоны жасалды, оны ұстау керек еді. Бірақ құйма бетон оған шыдай алмады. Осыған байланысты опырылып қалды. Қазір біз тіреу қабырғасын салып жатырмыз, бұдан әрі кетпеуі үшін топырақты орап жатырмыз", - деді жоба инженері Дмитрий Цой.

Тұрғындар құрылыс салушы ғимарат салуға рұқсатты қалай алғанын түсінбе әлек. Өйткені, бұл аумақтың жері тұрақсыз, жаппай құрылыс жүргізу қауіпті екені анық, дейді олар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр