Адам қағып өлтірген экс-полицейдің әйелі қайта түрмеге қамалатын болды
Жуырда бостандыққа шыққан экс-полицейдің жұбайы қайта түрмеге отыратын болды. Аппеляциялық алқа мүшелері Ботагөз Бақыжанованың мерзімінен бұрын босатылуы туралы шешімнің күшін жойды. ШҚО әкімшілік полициясы экс-басшысының әйелі өткен жылдың желтоқсан айында адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан еді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Оқиға орнында қылмыстық полиция бөлімшесінің қызметкері Мерхат Отчегаров көз жұмған. Сәуір айында Бақыжанова кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның күйеуі қызметтен кетуге мәжбүр болды. Алайда арада жарты жыл өткеннен кейін айыпталушы азаматшаның жазасы айыппұлға ауыстырылды. Қыркүйек айының соңында Семей соты оның өтінішін қабылдап, 271 мың теңге көлемінде айыппұл салған еді. Прокурорлар соттың шешіміне наразы болып, қайта арыз түсірді.
«Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына сәйкес сот барысында өрескел қателіктер жіберген сот қызметкерлері жауапқа тартылады, осы себепті судьяның тәртіптік жауапкершілігі мәселесі қаралатын болады», – дейді ШҚО сотының БАҚ-пен байланыс жөніндегі судья-үйлестірушісі Ераман Өтешов.
Жіберіп алмаңыз:
Жасанды түсік жасатқаны үшін түрмеге қамайтын 10 ел
Қазақстандықтарға жеке куәлігін ауыстыруға тура келуі мүмкін
Атышулы істегі Аян Мейірбаевтың психикасы бұзылғаны анықталды