Адам қағып өлтірген полицейдің жұбайы бостандыққа шықты

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 17:04

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік полиция басқармасы бұрынғы басшысының әйелі Ботагөз Бақыжанованың түрмеден ерте шығарылуы интернет-қолданушылардың наразылығын туғызуда.

58789c8d01d58393ee0911898900c4fe

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Көлікті мас күйінде айдаған әйел полицей Мирхат Отчегаровты қағып өлтіріп, оқиға орынынан қашып кеткен еді.

2016 жылдың 15 сәуірінде Ботагөз Бақыжанова Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда жарты жылдан соң сотталушы қалған мерзімді жұмсақ жазамен алмастыруды сұрапты.

“Бақыжанова өз жазасын өтеу уақыты кезінде ешқандай тәртіпсіздік көрсеткен жоқ және оған оң мінездеме беріледі. Бухгалтерлік анықтама негізінде 3 000 000 теңге көлеміндегі моральдық шығын, 352 803 теңге көлеміндегі материалдық шығын толықтай өтелді”, – деп хабарлады облыстық сот.

Семей қалалық №2 соты өтінішті қанағаттандырып, сотталушыны айыппұлды өтеу арқылы бостандыққа шығарған: енді ол әрбір өтелмеген уақыттың әрбір төртінші күні сайын 1 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бірақ бұл шешімге прокурор қарсы шыққан. Енді қайта шағымды қарау соты сот шешімінің қаншалықты заңға сай екендігін тексереді.

«Айыпталушы мас күйінде қылмыс жасады әрі жәбірленуші көз жұмды. Бұл қоғамның наразылығын тудыруда, сол себепті біз соттың шешіміне қарсымыз», – дейді Семей қаласының прокуроры Марат Тұрыбаев.

Оқи отырыңыз:

Алматыдағы қанды теракті бойынша Руслан Күлекбаевпен бірге тағы 5 адам сотта жауап береді

Мұхтархан Ділдәбековтың әйелі ОҚО әкімі аппаратымен соттасып жатыр

Жүргізуші жанармай бекетіндегілердің бензинді қалай “жейтінін” көрсетті (видео)

Батыс Қазақстанда мұғалім оныншы сынып оқушысын оңдырмай сабап тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    адеми келиншек екен шыгарса шыгарсын

  • Анонимно says:

    2 ак жыл адам олтиргени ушин 300000тг пара алганга 6 жыл берди

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар