Алматыдағы қанды теракті бойынша Руслан Күлекбаевпен бірге тағы 5 адам сотта жауап береді

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 15:39

Бас прокуратураның ведомство аралық тергеу тобы Алматыда 18 шілде күні болған терактіге байланысты қылмыстық істі сотқа дейінгі зерттеу жұмыстарын аяқтады. Руслан Күлекбаевпен бірге тағы бес адам сот алдында жауап береді.

vmvmvmv

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Алматы қалалық сотының хабарлауынша тергеу барысында 57 сот сараптамасы мен зерттеуі жасалған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде 200-ден астам куәгерден сұрау алынған.

“12 қазан күні 60 томнан тұратын Руслан Күлекбаевтың ісі сотқа берілді. Ер адам құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың сегіз қызметкерін, екі бейбіт азаматты өлтірген және үш азаматты өлтіруге әрекет жасап ұрлап террорлық актіні жүзеге асырғаны үшін айыпталуда. Оған ҚР ҚК 255 бабы, 4 бөлімі “Террористік акті”, 99, 24 бап, ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлімі “Өлтіруге ұрлап әкету”, ҚР ҚК 99 бабы “Өлтіру” бабы бойынша айып тағылды”, – деп хабарлады қалалық сот.

Қылмыстық іс Алматы қалалық қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған аудан аралық сотқа жіберілген. Сондай-ақ, Күлекбаевпен бірге Р. Лю, Ж. Сапарбеков, Д. Әсембекұлы, Е. Құсайыноы, Н. Әбдімомынов деген адамдар заңсыз сақтау, қару дайындау және Р. Күлекбаевпен бірге кәсіпкерге шабуыл жасау деректері (ҚК 192 бап, 4 бөлім, 2 тарау) бойынша айыпталып сотқа берілді.

Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Оқи отырыңыз:

Шейіттер жер-жаһанды қанға бояйтын мейрамдарын қалай атап өтеді (фото)

Мұхтархан Ділдәбековтың әйелі ОҚО әкімі аппаратымен соттасып жатыр

Жүргізуші жанармай бекетіндегілердің бензинді қалай “жейтінін” көрсетті (видео)

Батыс Қазақстанда мұғалім оныншы сынып оқушысын оңдырмай сабап тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар