Назарбаев Алматыдағы қанды шабуылды теракт деп атады

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 19:07

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда болған шабуылды террорлық әрекет деп атады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

12222464

Дүйсенбі күні Назарбаевтың төрағалығымен қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиыны өтті. Жиын барысында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың, ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақановтың және өзге де кеңес мүшелерінің баяндамасы тыңдалды.

“Бүгін Алматыда өкінішке орай тағы да адам шығынына әкеп соқтырған террорлық жағдай болды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Оларға материалдық және моральдық көмек көрсетіледі”, – деді Назарбаев.

“Қазіргі таңда құқық қорғау органдары зұлым әрекеттерді анықтау үстінде. Олар адам көп шоғырланған орындарды бақылап, жараланғандарға медициналық көмектер көрсетеді. Олар жағдайды реттеу үшін барлық күшті салады. Алматы тұрғындары өз елдерінде сенімді түрде жүруі тиіс”, – деп атап өтті президент.

Сондай-ақ, президент қаладағы жағдайды ретке келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар