Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда такси жолаушысы теракт кезінде көз жұмды

Алматыдағы теракт кезінде қайтыс болғандар саны бесеуге дейін көбейді. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаменті хабарлайды.

12556229

Фото: newskaz.ru

Бұған дейін үш полицейдің және бір азаматтың қайтыс болғаны хабарланған еді.

“Бүгін күдіктілердің бірі жеке таксиге шабуыл жасап, нәтижесінде такси жолаушысы жас келіншек қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда террорлық қауіптіліктің “қызыл” деңгейден “сарыға” төмендетілді.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді. Ал Елбасы қанды оқиғаны теракт деп атап, ішкі істер министрін шұғыл түрде Алматтыға аттандыратын болды.

Талқылау