Алматыда террорлық қауіптіліктің “қызыл” деңгейі белгіленді

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 13:30

Бүгін, 18 шілде күні, Астана уақытымен сағат 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің “қызыл” деңгейі белгіленді, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.

12556457

Фото: Reuters

“Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарын аталған деңгейде қарастырылған талаптарды сақтауға шақырамыз”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, “Қызыл” деңгейлі қауіп орнаған кезде жеке заттары мен транспорт құралдарын тексеруге және қозғалысты уақытша шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы деңгейде еш кедергісіз тұрғын үйлерге және басқа да ғимараттарға кіре беруге рұқсат бар. Телекоммуникациялық жүйе каналдары арқылы берілетін ақпарат пен келіссөздерді бақылау тәрізді шаралар да қабылданады. Барлық арнайы қызметтің әскери дайындығы күшейтіліп, әуежайлар, теңіз порттары мен метрополитен объектілерін, темір жолдар мен автобекеттерді арнайы құралдармен тексеру кезіндегі режимдердің қатаңдатылуы тәрізді шаралар жүргізіледі.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскен болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ойййй не боп кетти мына омирге билик булардын алдында алсиз бе сонда халык алдында мол болганымен …..шарасын алуы керек коой жер жерде думпу боп жатыр маскара гой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар