Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі ойын-сауық орталықтары өз жұмыстарын тоқтатты

Алматыда террорлық қауіптіліктің қызыл деңгейіне байланысты ірі сауда орталықтары мен дүкендер өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы ойын-сауық орталықтары әкімшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында хабарлануда.

photo_134418

Фото: kapital.kz

Алматыда террорға қарсы арнайы операциялар жүргізілуде. Қазірдің өзінде полиция қызметкерлерінің арасында қаза тапқандар бар.

20160718135234

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда белгісіз біреулер полицейлерге қарсы оқ жаудырып, қаладағы бірнеше нысан маңы қоршауға алынған болатын. Қаладағы орталық ауруханаға 10-нан астам адам жараланып түскен.

20160718135226

20160718135230

Дүйсенбі күні Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Қалада террорға қарсы шаралар жүріп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскен болатын. Тиісінше, қаладағы сауда үйлерінің бірі кепілге алынды деген ақпарат та жоққа шығарылды.

Талқылау