Алматыдағы атыс барысында қаза тапқан полицейлердің аты-жөні жарияланды (фото)

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 18:38

Бүгін, 18 шілде күні Алматының бірнеше ауданында белгісіз адамдар тобы полицияға шабуыл жасап, нәтижесінде үш бірдей тәртіп сақшысы қаза тапқан еді. Сондай-ақ, бір бейбіт тұрғын көз жұмып, бірқатар полицейлер ауыр жараланған.

12561948

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан тәртіп сақшылар тізімі:

Полиция капитаны, ІІД әкімшілік полиция басқармасы қызметкері Бауыржан Мәлікұлы Нұрмаханбетов. 28.03.1988. Ішкі істер басқармасы қатарында 2011 жылдың 22 желтоқсанынан бері қызмет атқарған. Отбасылық жағдайы – үйленген, бір қызы бар.

Нурмуханбетов Бауыржан

Полиция кіші сержанты, ІІД жергілікті полиция қызметінің полк полицейі Мақсат Қолғанатұлы Сәлімбаев. 02.11.1991. Ішкі істер басқармасы қатарында 2013 жылдың 15 қарашасынан бері істеген. Отбасылық жағдайы – үйленген, бір қызы бар.

Салимбаев Максат

Полиция старшинасы, Алматы қалалық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-ші батальонының полицейі Аян Ерболғанұлы Ғалиев. 18.04.1974. Ішкі істер қатарында 1997 жылдың 30 қаңтарынан бері істеп келген. Отбасылық жағдайы – үйленген, 2 қызы бар.

Галиев Аян

Бұған дейін ҚБТУ аумағында шабуылдаушы ер адамды полиция құрықтаған болатын.

Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

32
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар