Алматыда полицейлерге қарсы оқ атқандардың бірі ұсталды (видео)

Дүйсенбі, 18 Шілде , 2016 13:23

Алматыда тәртіп сақшыларына қарсы оқ жаудырған шабуылшылардың бірі ұсталды. Видеоны куәгерлер түсіріп алған.

20160718125914

Белгісіз біреулер қаланың бірнеше ауданында оқ атқан. Қазір Алматыда ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен және Абай даңғылы қоршауға алынды. Жедел жәрдем ауруханасының кезекші бөлімінде жараланып түскен адамдардың бестен асқанын, әлі де жаралылардың келіп жатқанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің арасында қарулы қақтығыс басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, полиция арасында жараланғандар мен қаза тапқандар бар. ІІД тұрғындарға қала аумағында терроризмге қарсы операцияның жүргізілуін жариялады.

ecc72ce5f400d39fc7323302d999bd0c

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
4 ай 13 күні кері

Онбағанды xалық алдында қыйнап қинап атып тастау керек.

Анонимно
4 ай 15 күні кері

Мын рет айтылыды тагыда айтылады сакалды балелерди курту керек урин бутагымен

Анонимно
4 ай 13 күні кері

Адаспаңыз сіз олай сіздің айтып жатқаныңыз басқада бейкүнә адамдарға зияны тиуі мүмкін

Анонимно
4 ай 15 күні кері

Тартыпты кушейту керек..

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар