Мұхтархан Ділдәбековтың әйелі ОҚО әкімі аппаратымен соттасып жатыр

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 14:54

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың әйелі сотқа арызданып жүр. Альбина Елшиева осы жылдың 17 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратын өзін жұмыстан заңсыз босатты деп айыптаған.

кпппп

Бұл туралы “Рейтинг” басылымы хабарлайды.

Ол енді сот арқылы қызметін қайта қалпына келтіруді талап етпек. Іс судья Е.Агмановтың өндірісіне алынғанымен шағымданушы 5 тамызда арызын қайтып алуына байланысты іс қараусыз қалдырылған. Алайда Альбина араға 10 күн салып сол Қаратау аудандық сотына қайта арызданған. Бұл арызы да алғашқысына ұқсастау, тек қосымша ОҚО әкімі аппаратының өзін заңсыз босатқанын мойындауын талап еткен.

Судья да ауысқан – А.Сапашев. Бірақ, істі анықтау барысында Елшиева талап арызды ұлғайту туралы сотқа тағы бір арыз түсірген. Онда ОҚО әкімі аппаратының келісім комиссиясын құру туралы әрекетін заңсыз деп тауып, аталған әкімдік жанынан келісім комиссиясын құруды міндеттеп, оған А.Елшиевамен жеке келісімшартты қарауды және оны заңсыз босатқанын мойындауды, қызметін қайта қалпына келтіруді талап етеді.

Осы жаңа арызға байланысты судья А.Сапашев 30 қыркүйекте А.Елшиеваның талап арызын өндірістен қысқартқан. Бірақ, араға алты күн салып, 6 қазанда А.Елшиева сол Қаратау аудандық сотына қайта арызданған. Іс сол судья Сапашевтың қарауына алынған. Тағы да сол ОҚО әкімінің аппараты, сол айыптау… Бірақ, сот отырыстарына А.Елшиева емес, оның сенімді өкілі Е.Мещерина қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, Альбина Елшиева 2011 жылдың тамызында ОҚО Білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. 2012 жылы белгілі боксшы Мұxтарxан Ділдәбековке тұрмысқа шықты. 2015 жылдың 25 ақпанында облыстық басқармалар қайта құрылып, оның орнына Қуандық Құлажанов тағайындалған болатын.

А.Елшиева Білім басқармасының басшысы болғанға дейін ОҚО әкімдігінде бас инспектор, ұйымдастыру бөлімінің басшысы–аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • АрманАнонимно says:

    Альбина Елшиеваның талап арызы өте орынды.Менің білуімше ол облыс әкімі басқармаларды біріктіріп қайта құрған кезде бала тууына және бала күтіміне байланысты заңды демалыста болған.Заң талабы бойынша мұндай демалыстағы қызметкерді жұмысынан босатуға болмайды.Бұл анық болса біріншіден-Заңды бұзу,екіншіден- аналықты құрметтемеу. Сондықтан ОҚО-ның бұрынғы әкімі Б.Атамқұловтың А.Елшиеваны ОҚО-сы Білім басқармасы басшысы қызметінен босату туралы бұйрығы бұзылуға жатады.Сонан соң облыстық жастар ісі басқармасының облыстық білім басқармасына біріктірілгенін де ескеру керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар