Кезінде АБК тобының әнші болып танылып, қазір продюсерлігімен елді тәнті етіп жүрген Қыдырәлі Болманов өзінің бойдақ есіне ала отырып, Қарақатпен қалай жар еткенін айтып берді.
“Осыдан 25-жыл бұрын бойдақ болатынмын. Арман, максат көп. Сол армандардың ең бастыларынын бiрi лайықты, тарбиелi, ақылды, сабырлы, саналы, сұлу, бiлiмдi, ең бастысы адал, ниеті түзу, өзіңді түсіне және бағалай білер, туған-туыстарыңмен тіл тауып құрметтей алар, ар-абыройыңды сақтай алар, балаларыңның анасы бола алатын жар табу… “Ақылды адамдардың ғашық болуы қиын” деген екен бір психолог. Өзімді ақылдымын дегенім емес… Дегенмен осы сөзде көп шындық бары рас…Алғашқы жобам АБК-тобын құрып, құдайға шүкiр, АБК қазақтың көптен күтiп жүрген тобындай, Тамшылар әнiмен жарқ ете түскен кезi.
Айналамызда миллиондаган сұлулар хат жазып, кез-келген концерттерден кейiн небiр сұлулар көздерiн төңкерiп карап, жүр уйленемiз десек ерiп кетуге дайын тұрғандай көрiнетiн… Іштерiнде небiр сұлулар да, небiр бастықтардын да кыздары, маған үйленсен сенде бәрi болады, үй де, жұмыс та, акша да болады деп құда түскен кыздардың да неше түрiн көрдiк… Бiрақ қанша сұлу болса да, сол сұлулардың ешкайсысына бұрыла алмадым… Маған өмiрлiк жар болатын кызды көре де, сезе де алмадым… Көре салып, сұлулығына сиынып үйлене салу,-мен туралы емес.
Алла шебер деп отырушы едi жаны жәннатта болғыр марқұм әжем. Ниетiне, сабыр, iс-әрекетiне қарай бередi екен мейiрiмдi Алла!!! Осыдан 20 жыл бұрын Қарақатымды кездестiрдiм…Көрген жерде түсiндiм… 2 сағаттан кейiн өзiм iштей шешiм кабылдадым… Сол күнi консерваторияның жатақханасына iздеп келiп, тауып алдым. Сол күннен кейiн жұбымыз жазылған емес.
Содан берi бiргемiз… 20 жылда жартысын тапқан адам бүтiнге айналып, ниетiң дұрыс болса, Алла бере салғандарымен жапырақ жайып, тамырын терендеп, өсіп-өнеді екенсің… Бәрi бiр Алланын колында. Қарақаттай кыз тауып берген Анасына ұзақ ғұмыр, тектi тәрбие берген әкесiне, осы бақытымызды көре алмай кеткен Ата-Анама жандарыныз Жәннатта болғай демекпiн !!! Алла қосқан адал жарыма тiлегiм көп-ақ !!! Сыбырлап айтып берермiн…Құтты болсын 20 жыл!!! Мейiрiмдi Алла бере салғандарымызбен бiрге екi өмiрдiң Абыройын нәсiп етсiн!!! Сен де менсiз, мен де сенсiз..жүре алмайды екенбiз.. Не себептен қайғырамыз бекер бiз..Қол ұстасып, ажырамай…мәңгi бiрге екеумiз…Арманға жетермiз…МАХАББАТЫМ !!!», -деп жазады Болманов Instagram парақшасында.