Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болманов: Қарақатқа алғаш “қасқыр” көзіммен тесіліп қарағаным есімде

Елімізге танымал продюсер Қыдырәлі Болманов жарымен қалай танысқанын баяндап, бүгінгі туған күнімен құттықтады. Мұнымен қатар, сүйіктісін қазақтың Қыз Жібегі Меруерт Өтекешоваға ұқсатып таңдағанын да айтып өтті.

image

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Дәл қазір сағат түнгі 3:52. Қарақаттың туған күні. Кезеңдерді еске алып, қуып отырған. Елестетіңізші, қазақтың қай даласында да өз мезгілінде құлпырып, қызылды-жасылды кілем болып төселіп, қызғалдақ-сарғалдақ өскен гектарлаған мидай жазық әдемі даланы. Миллиондаған қызғалдақтар көздің жауын алады. Бірінен-бірі өткен. Елестетіп болсаңыз, Алматыда тура сондай, өміріңде түсіңе де кірмеген қызылды-жасылды бірінен-бірі өткен хас сұлулар. Ол кезде де “кеуде” қазақтың даласындай, алынбайтын қамал, уатылмайтын тас жоқ мен үшін. Халықаралық конкурстарға қатыссам, тек қана Голливуд. Үйленсем, тек қана Қыз Жібек! Ал енді құлпырған Алматыдан Қыз Жібегіңді адаспай тауып көр. Қыз Жібек мен үшін – Меруерт Өтекешова! Ол кісі Төлегенге тұрмысқа шығып алған”, – деп продюсер Қыдырәлі Болманов түнгі уақытта қалың ойға шомып, жастық шағындағы тәтті күндерді есіне алып отырғанын жеткізді. Болманов “Төлеген қайда, мен қайда?” десе де, Жібегі үшін қолынан келгеннің барлығын жасайтынын айтып өтті.

Продюсер өзінің өмірлік жарын АБК тобының құрамында ән салып жүрген шағында жолықтырған екен. “Күндердің күні АБК болып тойға келдік. Көзіме оттай басылды. Бір қарасам жап-жас жауқазын ба, раушан гүлі ме, қызғалдақ па, әйтеуір әлемдегі ең әдемі гүл отырды алдымда. О, Жаратқан! Меруерт апайымыздан аумайды бір қарасам. Атын да білмей тұрып, тура сол жерде осы қызға үйленетініме бірден нық шешім қабылдап, мөрін қойып қойдым. Қарақат алдымда отыр. Армандап отырып, есімді жисам, Қарақатқа тесіліп “қасқыр” көзіммен қадалып қалыппын”, – деп Болманов ұятты шетке ысырып, осы сұлуды іздеп ауылдан Алматыға “қаңғырып” келгенін айтты. Түңгі сағат он екіде жары білім алып жатқан консерваторияның жатақханасына келген екен. Сол күннен бастап жұптары жазылмаған.

1

“Сені осындай әлемдегі ең әдемі гүл қылып, он алты баланың он бесіншісі қылып дүниеге әкелген анашыңа мың тағзым! Ғұмыры ұзақ болсын! Екеуімізді Алла үрім-бұтағымызбен екі өмірдің абыройына бөлесін! Сыйлаймын, сүйемін, сенемін! Аллаға сансыз мадақ! Енді сенен аумайтын қыз нәсіп етсін! Менен аумайтын ұлдар тауып бергеніңе рахмет! Саған деген тілегім мен жүрегім бір парақшаға сыймайды”, – деп сүйіктісін туған күнімен құттықтады.

Елімізге танымал дәстүрлі өнер насихаттаушысы Қарақат Әбілдина 1978 жылы сәуірдің 6 жұлдызында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Байғұл ауылында туған. Қазақ Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының “Домбырамен халықтық ән айту” классын педагогы.

Қарақат Әбілдинаны сүйіктісі ғана емес, өнер мен өмірдегі достары да құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Туган кунiнмен, Какатым!!🌸 @karakat_a #КаракатАбилдинаТуганКун

Видео опубликовано Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Алғашқылардың бірі болып жақын құрбысы Мәдина Сәдуақасова құттықтады. 

1

Арман бар ма батырда,
Жарыста сағы сынбаса…
Арман бар ма ақында,
Халқының жоғын жырласа…

Арман бар ма әншіде,
Сүйсініп жұрты тыңдаса!
Құшағыңнан гүл кетпей,
Құрсағыңнан ұл кетпей…
Қыдырыңнын жанында,
Ұрпағыңмен мың жаса! – деп Айнұр Тұрсынбаева өрнекті өлең жолдарымен құттықтады. 


Әнші туған күнінде гастрөлдік сапарда болса керек. Сапарда жүрген әріптестері видео құттықтау арнаған.

image

“Құрметті қазақтың Қарақаты, Қыдекеңнің Қақаты, туған күнің құтты болсын! Мөлдіреген көзің, елжіреген жүрегің, аппақ болған көңілің, жадыраған жүзің талайды ғашық қылып, талайға үлгі болып келе жатыр! Лайымда жаның мен тәніңнің сұлулығы өміріңнің мәңгілік жолдасы болсын! Балапандарың мен отағаң аман болсын!” – деп әнші Тамара Асар да ақ тілегін жаудырды.

Естеріңізге сала кетсек, концерт алдында Қарақат Әбілдинаға көйлегі сыймай, әуреге салынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.  

Талқылау