Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов ауылының “креативті” қолжуғыштарын көрсетті (фото)

Қарақат пен Қыдырәлі Ақтүбек ауылына әкелеріне ас беру үшін барған. Ауылдастары оларды жылы қарсы алып, балаларының аузына түкіртіп те алған екен. Мұнымен қатар, Қыдырәлі “креативті” қолжуғыштарын көрсетті.

000

Фото:instagram.com/kydyrali_bolman/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

“Қарақат екеуіміз көптен бері өмірден озған ата-анамызға ас беріп, құран бағыштайық деген едік. Соның сәті бүгін түсті. Жезқазғанға келісімен көршілеріміз егіз балапанын әкеліп, аузына түкіріп беруін өтінді. Есіме халық ақыны әкем Болман түсті. Жақын маңайда сол кісінің атына арналған көше бар. Күнде десем артық айтпаймын. Адамдар балапандарын жетектеп әкеліп, аузына түкіртіп жататын.

Ата-ананың баласына тек бақыт тілейтіндері түсінікті. Қазіргі уақытта бізге де тұсау кестіріп, ауыздарына түкіртуші ата-аналар күннен күнге көбейіп келе жатыр. Кісілердің “Баламның аузына түкіріп беріңізші” деген сөздері туған жерде тұрған кезде ерекше әсер етеді екен.

Жаны жәнатта болғыр Болман әкем. Берген тәрбиеңнің бір кішкене бұрышын өтеген болармын. Ел алдындағы абыройыңның бір “грамын” нәсіп еткен Аллаға сансыз мадақ. Мейірімді балапандарымызға бақыт берсін”, – деп мақтанды Қыдырәлі Болманов.

Мұнымен қатар, бөтелкеден жасалған қол жуғыштарын көрсетті. Желі қолданушылары ниеттерінің қабыл болуын тіледі. Арасында суқұйғыштың астын қазып қоюға кеңес бергендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов елбасы айтып берген әзілмен бөлісті

Болманов: Қарақатқа алғаш “қасқыр” көзіммен тесіліп қарағаным есімде

Қыдырәлі жарының тұңғышын өмірге әкелген күнді еске алып, естеліктерімен бөлісті

Болманов: Жанар екеуміз бір бөлмеде, бір көрпені жамылып жататын дос болғанбыз

Талқылау