Қыдырәлі: Қарақат екеуіміздің 550 адамға арналған тойымызды әкесіне бола жасадым

Сейсенбі, 9 Тамыз , 2016 17:57

Қыдырәлі Болманов шаңырақ көтерулеріне қарсы болған Қарақаттың әкесінің сеніміне қалай кіргенін айтып берді.

image

Фото:instagram.com/kydyrali_bolman/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Бүгінде Қарақат пен Қыдырәлі қазақстандық шоу-бизнестегі ғұмырлы жұптардың біріне айналып, төрт ұл тәрбиелеп отыр. Екеуі де әрдайым әлеуметтік желіде болсын, отандық бағдарламаларда болсын бір-біріне деген ыстық сезімдерін көрсетуге тырысады. Алайда мұндай бақытқа екеуі оңайшылықпен кенелмеген.

Бастапқыда Қарақаттың ата-анасы қыздарының танымал адаммен көңіл қосуына қарсы болған. Аты дүркіреп тұрған жұлдыздың салмақтылығына күмән келтірген. Сондықтан қайынжұртының сеніміне кіру үшін Қыдырәліге көп тер төгуге тура келіпті. Алдымен дүркіретіп той жасап, артынша Қарақаттың әкесінің жалғыз тілегін орындаған.

“Қарақаттың әкесін қатты сыйлаймын. Құдайға шүкір, ол кісімен танысып, өзімді де көрсетіп үлгердім. Кез келген адам өз баласы үшін уайымдайды. Сондықтан ол кісінің маған қатысты күдігін сейілту үшін 550 адамға той жасап, әкімін де, батырын да шақырдым. Тойымызда бүкіл қазақтың зиялы қауымы болды. Сол сәтте Қарақаттың әкесі мені түсінсін, тентек емес, сабырлы екеніме көз жеткізсе екен деген ой болды. Осы күнге дейін ешкімге айтпасам да, тойды сол кісіге арнап жасаған болатынмын”, – дейді Қыдырәлі Болманов

Мұнымен қатар, продюсер қайын атасының тілегімен Қарақаттың өнерде еркін жүзіп, танымал болуына жағдай жасағандығын айтты. Ол жарына “Қарақат” мектеп студиясын, ойыншықтар фабрикасын ашып берген болатын. Бүгінде жұлдызды жұп Бекболат, Иманәлі, Нұрәлі және Айсұлтан есімді төрт ұл тәрбиелеп отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов елбасы айтып берген әзілмен бөлісті

Болманов: Қарақатқа алғаш “қасқыр” көзіммен тесіліп қарағаным есімде

Қыдырәлі жарының тұңғышын өмірге әкелген күнді еске алып, естеліктерімен бөлісті

Болманов: Жанар екеуміз бір бөлмеде, бір көрпені жамылып жататын дос болғанбыз

Қыдырәлі Болманов ауылының “креативті” қолжуғыштарын көрсетті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар