AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында дүниеге келген.

Халықаралық бизнес университетін, Луис ұлттық университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы жеке компанияда инспектор болып бастаған.

2015-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020-2022 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы.

2022 жылғы ақпан айынан бастап қазірге дейін — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр