Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абыл Кекілбаев "Қызыл-Жар" халықаралық әуежайын басқарады

Абыл Кекілбаев

Фото: Видеодан скрин

Қазақстандық авиация менеджері Абыл Кекілбаев “Қызыл-Жар” халықаралық әуежайының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Абыл Кекілбаев Петропавл қаласындағы “Қызыл-Жар” әуежайының директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды", – деп хабарлады журналист Анвар Шалекенов.

Кекілбаев 2020–2022 жылдары “Нұрсұлтан Назарбаев” халықаралық әуежайы басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген. Бұған дейін, яғни 2017–2019 жылдары ол Инвестициялар және даму министрінің, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Оған дейін, 2016–2017 жылдары ол Халықаралық азаматтық авиация ұйымының аэронавигациялық бюросында еңбек етіп, БҰҰ-ның Жас мамандар бағдарламасы аясында қабылданған Қазақстанның алғашқы өкілі болған.

Айым Болатқызы
Жұма, 24 Қазан, 2025 16:46
Талқылау