Әбдіжаппар Әлқожа жаңа көлігіне елден көрімдік жинап, мешіт құрылысына аударды
Әбдіжаппар Әлқожа су жаңа көлігін көрсетіп, елден көрімдік сұрады. Әнші жиналған сомманы мешіт құрылысына аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әбдіжаппар Әлқожа Instagram-дағы парақшасында жаңа автокөлік алғанын хабарлады. Мүлкін көрсеткен ол Kaspi картасына көрімдік қабылдайтынын жазды. Көп ұзамай, әншінің туыс-достары оған қаражат аудара бастады.
Соңында әнші өзіне қаржы аударғандарға тосын-сый жасады. Ол бар қаражатты "Перзент" балалар үйінің басшысы Әмина Қажы Әжібаеваға аударды. Әншінің айтуынша, Әмина Қажы Рамазан айында мешіт тұрғызуда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”