Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа: Нұрболат досым әкесінен айырылған соң мен өз әкемнің қадірін түсіндім

Әбдіжаппар Әлқожа досы Нұрболат Абдуллиннің қазасынан соң өзіне сабақ алғанын жасырмайды. Әр адамның өмірі қиындық пен жақсылықтан тұрады дейді ол. Әнші ауылдағы әкесін қалаға алдырып, қонақ қылған. 

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды. 

Әбдіжаппар Әлқожа жақында қоныс тойын тойлады. Тойға ауылдағы әке-шешесін арнайы шақырды. Үлкендердің батасын алып, той тойлады. 

"Мен ауылдан әке-шешемді арнайы шақырдым. Нұрболат досым әкесінен айырылған соң әкенің қадірін түсіндім. Айына 2-3 рет қана хабарласып жүретін едім. Маған бұл сабақ болды. Әкемді сағындым. Қазір қалада. Ауылға қайтқысы келеді. Ауылда жылқылары бар, анамның сиырлары бар. Ауылда таңнан тұрғаннан жұмыс бітпейді ғой. Жүре бересің. Бұл жақта жұмыс жоқ. Не істерін білмейді. Мен қазір жібермей, ата-анамды қимай отырмын. Қаланы аралатып, қыдыртқым келеді", - деді әнші. 



Бұған дейін Нұрболат Абдуллиннің әкесі көз жұмды. Өнердегі бауыр, достары қайғыра көңіл айтты. 

"Жаңа үй алып қоныс той жасадым, бір жағынан әкемнің туған күні еді. Әкемнің туған күнін жасап бердім. Бәрімізге де келеді ғой. Бәріміз де әкемізден айырыламыз. Бір Алла біледі. Бір айдыңжартысы жарық, жартысы қараңғы. Өміріміз де солай. Әкем туралы көсіліп желіде жазғым келеді. Біра ол жасанды болып қалады. Жасандылықты қаламаймын", - деді Әбдіжаппар.

Желі қолданушыларының бірі Әбдіжаппардың әрекетін құп көрсе, енді бірі қарсылық көрсетті. 

"Дұрыс болған екен, әкенің берген тәрбиесін мың мектеп бере алмайды", "Әкенің қадірін енді түсініп жүрсің бе?", "Әкесін жақсы көрген жігіт жақсы болады", "Әкелер аман болсын, аналар аман болсын", "Әкеңізге солай ғана жақсылық жасайсыз ба? Меккеге апарсаңшы", "Қолда барда алтынның қадірі жоқ",  деді олар. 

 

Талқылау