Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сенат депутаттығына өткендердің аты-жөндері белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан сайланған алты жаңа депутаттың аты-жөндерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандар: Абай ауданынан Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметов (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне); Арғынбекова Айнұр Серікпаевна (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне); Жетісу облысынан – Амангелді Ғабдылкәрімұлы Толамісов (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне); Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне); Ұлытау облысынан – Медебаев Советбек Тұрсынұлы (2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне); Шайдаров Серік Жаманқұлұлы (2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне)", – делінген орталық сайлау комиссиясының жұма күні таратқан мәліметінде.
- Жаңа үш облыстың автокөлік коды жарияланды
- Жаңа үш облыстың тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет пе? Министр жауап берді
Үш облыстағы мәслихаттардағы 346 депутаттың 311-і дауыс беруге қатысқан.
"Алты мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан төрт адамнан) үміткер болды. Дауыс беру, сондай-ақ барлық басқа сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сәйкес өтті", – деп қосты ОСК.