Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

Фото: Видеодан скрин
Абай облысындағы Омбы – Майқапшағай халықаралық тас жолында жеңіл көлік пен минивэн соқтығысып, үш адам ажал құшты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеңіл көлік пен минивэн бетпе-бет соқтығысқан. Екі адам оқиға орнында қаза тапса, тағы бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмды.
“25 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы минивэн жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция.
Соққының қатты болғаны соншалық көліктер мүжіліп қалған.
Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің бастығы Рауан Шибутовтың айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген