Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегейдің қыздары оның екінші әйелімен сәлемдеспейтін жағдайға жеткен

Екінші рет отбасын құрғалы тұңғышымен қарым-қатынасы үзілген Абай Бегейдің көңіліне кірбің салған тағы бір оқиға орын алыпты. Алғашқыда үлкен қызымен түсініспеушілік туындаса, енді кішкентай екі бұрымдысымен тіл табыс алмайтындай жағдайға жеткен. Тіпті олар әншінің қазіргі жұбайына сәлем де бермейді екен. Бұл туралы әншінің өзі Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Абай Бегейдің қыздары оның екінші әйелімен сәлемдеспейтін жағдайға жеткен

«Басында қиын болды. Басында қиын болмайтын еді. Сол азғырушылар қиындатып жіберді. Алғашқыда жұбайыммен таныстырған кезде өте керемет болған барлығы. Арада бір-екі ай өткен кезде өзгеріп шыға келді. Ол кезде Ақтауда болған. Келген кезде менің қазіргі келіншегіме «сәлемдеспейтіндей» жағдайға жетті. Амандаспай қалды. Сөйтсем «Әкең үйленіп кетсе сендерге қарамай кетеді» – деген сияқты болмайтын әңгімелерді айтыпты. Бұл араға іріткі салу ғой», – дейді Абай Бегей.

Бүгінде Абай қатты ашулы. Әнші әкенің балаларымен арасына іріткі салғандарға айтар өтініші бар.

«Мұндай жағдай туындай қалса араласатын адамдар көбейіп кетеді, сырт жақтан ақылшылар көбейіп кетеді. Қыздарыма басқаша айтуы мүмкін, маған басқаша айтуы мүмкін. Менің айтарым: Отбасы өзі шешу керек. Олар сырттың адамдары… «Қазаны басқаның, қайғысы басқа» – дейді. Олар айтады, азғырып кететін адамдар ғой. Жеме-жемге келген кезде бір туған адамдар бірігіп қалады. Мен осы жолда өте қатты қиналдым. Сырттан келіп азғырушылар менің мазамды алып кетті. Енді бетін бері қаратып жатса, арғы жақтан келіп біреу азғырып кетеді», – дейді Бегей.

Қазір әншінің екі қызы Алматыда оқып жатыр. Үлкені 5-ші сыныпта, кішісі 3-ші сыныпта білім алып жүр. Қиын күндерді бастан кешкен Абай екінші келіншегі мен қыздарының қарым-қатынасын оңалтуға барын салуда екен.

«Басында жұбайыма барлығын түсіндірдім. Өзі келісті. Қазір Құдайға шүкір қарым-қатынастары жақсы. Өзінің қыздарындай қарап жүр. Менің әйелімді қыздарым «апа» деп атайды. Үйде болмай қалса іздеп тұрады. Енді анасындай болмаса да, сол екі қызға өзінің шын жүрегімен қарап, барлық жағдайларын жасап отырған сол үйдегі жұбайым. Алланың алдында ол екі кішкентай қыз бізге аманат. Оларды аяққа тұрғызу біздің міндетіміз», – дейді Абай.

Бүгінде қос бұрымдының оқу үлгерімі көңіл қуантарлықтай. Екеуі де әкесін үздік бағаларымен риза қылып жүрген көрінеді. Тіпті өнерден де құр алақан емес екен.

«Осы жылы келді. Алматыға орналасты. 146-шы мектепте оқиды. Бірінші тоқсанды екеуі де 5  деген бағамен аяқтады. Қазір екінші тоқсанға қадам басып жатыр. Ортаншы қызым бұйыртса жақында үлкен сахнаға қадам басады. Өзі әнді жақсы айтады. Өзім өнер жолының ауыр болғанын білген соң, өнерге келгенін қаламап едім. Бірақ «Әке, ән айтайыншы», – деп қызығушылық білдірген соң, жақында жаңа әндерін жазбақшымын», – дейді әнші әке.

Айта кетейк, Абай Бегейдің жұбайы Жанат осыдан үш жыл бұрын өмірден озған еді. Олардың ортақ некесінен үш қыз бен бір ұл бар. Былтыр Ақтау қаласында тұңғышын ұзатқан әнші, биыл шілде айында өзі екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау