Абай Бегей өзі туралы пікірлерді оқып, ауырып қалған

“Түнгі студия” бағдарламасында қонақ болған Абай Бегей шығармашылықтағы соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Әнші халық арасында танылып үлгерген Нұрмұхаммед Жақып есімді бүлдіршінге қолдау көрсетіп, бүгінде қолқанатының астына алғанын айтты. Өнер иесі тіпті, Нұрмұхаммед пен өзінің қызы Сымбатқа бейнебаян түсіріп берген, деп жазады Stan.kz.

"Концерт бергім келмей қалды": Абай Бегей өзі туралы пікірлерді оқып, ауырып қалған

Ел арасында Мейрамбектің ізін жалғаушы ретінде танылып кеткен Нұрмұхаммед – Абай Бегейдің інісінің ұлы екен.

Бұдан өзге, Абай Бегей Ақбота Керімбековамен бірігіп клип таспалағанын, оның қаражатын толықтай өзі көтергенін айтты.

Сұхбат барысында әнші халық тарапынан айтылатын сынды қалай қабылдайтынын әңгімеледі.

“Сыннан қорықпаймын, бірақ өзіме қабылдап қаламын. 2015 жылы Алматыда концерт бергенде достарым Сәкен Майғазиев, Мейрамбекке дейін менің жарнамамды салды. Астындағы пікірлерді оқып, ауырып қалдым. – Мә, мынау бір әнмен концерт берейін деп жүр ме? Бір әнді 20 рет орындайын деп жүр ма? – деген сөздерді оқып, тіпті концерт бергім келмей қалды”, – деп ағынан жарылды Абай.

Алайда уақыт өте келе әншінің кереғар пікірлерге қарсы иммунитеті қалыптасқан. Бүгінде Абай ешкімге ренжімес үшін желідегі пікірлерге мән бермеуді үйренген.

“Пікірлерді кейде оқимын, кейде оқымаймын. Жаман жазып кетсе, ол кісіге ренжімеймін. Өзім күнде ұйықтардың алдында кімде-кім менің сыртымнан жаман сөз айтқан болса, ғайбаттаған болса, мен оларды кешірдім деймін. Өйткені мен жүрекке ұстамаймын. Сізге ренжитін болсам, оған ренжитін болсам, жүректе тыныштық болмайды. Қазір мен ешкімге ренжімеймін. Осы кезге дейін мен туралы жаман айтқандардың барлығын кешірдім. Сол себепті пікірлерді де көп оқымаймын”, – деп түйіндеді сөзін Абай Бегей.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр