AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абаев мәдениет министрі қызметіне не себепті тағайындалғанын айтты

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Неге дәл мені осы қызметке тағайындағанын айту қиын. Бұл – президенттің шешімі. Менеджерлік қасиетім рөл ойнаған болар деп ойлаймын. Барлық салаға бірдей қарайтын адаммын. Сондықтан барынша пайда әкелетін шығармын", - деді Абаев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, экс-министр Ақтоты Райымқұлова және бұған дейінгі басшылардың әрқайсысы мәдениет, спорт және туризмді дамыту жолында көп еңбек етті. Бірақ проблемалар әлі де бар.

"Әрине, проблеманың бәрін бір сәтте шешу мүмкін емес. Проблема бар. Дегенмен біраз шаруа атқарылды. Мәселен Нұр-Сұлтан қаласында мәдениеттің қалай көтерілгенін алып қараңыз. Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа ғимараты қандай, Астана-Опера, хореография академиясы бар", - деп атап өтті Абаев.

Министр осылай бір уақытта мәдениет ошақтарын салу соңғы он жылда әлемде болмаған нәрсе.

"Бірен-саран салынады, бірақ бір уақытта болған емес. Меніңше болашақ ұрпақ сол үшін әлі де алғысын айтады", - деп түйіндеді ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр