90 мың кәсіпкер 300 миллиард теңге қарыз: елімізде ресми түрде салықтық амнистия басталды

Кәсіпкерлерге жыл соңына дейін салық бойынша тек қана негізгі қарызды өтеуге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы “Астана” арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда ресми түрде салықтық амнистия басталды. 8 ақпаннан бастап мемлекеттік кіріс департаменттерінің барлығында айыппұлдар мен өсімақы жөнінен комиссиялар пайда болады.

Ержан Омаров сынды кәсіпкердің жоғарыда аталғандай қарызы бар. Ол 10 жыл бойы құрылыс саласында жұмыс істейді. Жалған кәсіпкермен келісімге келіп, алданып қалған ол, содан кейін өз кәсібін жабуға мәжбүр болған. Алайда, кәсіпкердің мемлекет алдында 40 миллион теңгеден аса қарызы бар.

“Құрылыс заттарын басқа фирмадан сатып алғанбыз. Олар жалған компания болып шықты, өнімді алған жоқпыз. Бірақ келісім менің компанияма табыс алып келді. Сот оларды жалған кәсіпкерлер деп танып, 3-4-жыл берді. Бірақ осы келісімдегі салықты алып тастамады”,— дейді кәсіпкер.

Айыппұл және өсімақы амнистияның негізінде кәсіпкердің қарызы 16 миллион теңгеге қысқарады. Қалған қарызды кәсіпкер бір жыл ішінде бөлік-бөліктермен жауып тастауға үміттенеді.

Телеарнаның мәліметінше, еліміз бойынша 90 мың бизнесменнің қарызы бар. Олардың қарызы шамамен 300 миллиард теңгеге жетеді. Алматыда амнистияға 19 мыңға жуық кәсіпкерлер тап болады. Жалпы алғанда олардың 20 миллиард теңге өсімақысы мен айыппұлдары есептен шығарылады.

Алматыдағы Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің қарыздары әртүрлі екенін мәлімдеді. Есептелген өсім мен айыппұлдар өтіп кеткен мерзімге тәуелді. Негізгі қарыздарды жеке бөліктерге бөліп жыл соңына дейін жабуға болады.

“Салық төлеушілерге салық органдарына келу міндеттелмейді. Олар төлемді жүргізеді, аймақтық органдар күн сайын дербес шоттардың жағдайын бақылап отырады. Төлемші жеке бөліктерге бөле алады, оның ҚКС бойынша белгілі бір соммасы бар делік, ол оны жыл соңына дейін бірнеше рет төлей алады. Соңғы төлем кезінде, толық төлем жүргізілгенде өсім мен айыппұл есептен шығарылады”, — дейді МКД қарыздармен жұмысты Басқарудың бас маманы Гүлжаухар Имсагулова.

Қазақстан үшін бұл төртінші салықтық амнистия. Осыған дейін 2001, 2004 және 2006 жылдары қарыздарды есептен шығару болған. Биыл 100 миллиардтан астам өсім мен айыппұлдарды жабу жоспарланып отыр.

Өсім мен айыппұлдарды есептен шығару ережелерін мына жерден оқи аласыз. Бұл жерде 2018 жылдың 1 қазанындағы өсімақылар жайлы айтылған. Өсімақылар мен айыппұлдар 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін есептен шығарылады.

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған
Çàãðóçêà...