Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"9-20-25" ипотекасы тұрғын үй бағасының өсуіне себеп болуы ықтимал - Ұлттық банк төрағасы айтты

ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаңа ипотекалық бағдарлама бастапқы және қолданыстағы жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаға әсер ете ме, жоқ па деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ипотека

Жақында Қазақстанда "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын еске салайық. Бұл туралы қазір нақты ақпарат жоқ, тек үкіметтің жас отбасыларға баса назар аударатыны ғана белгілі. 

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, тұрғын үй бағасының өсімі бағдарламаның ауқымына байланысты болады.

“Егер сұранысты арттырып, халық жаппай нарыққа шығатын болса, әрине, бұл бағаға әсер етеді. Бірақ менің ойымша, индустрия және құрылыс министрлігі бұл мәселелерді қарастырып жатыр, сондықтан мен бұл жерде үлкен мәселе көріп тұрған жоқпын”, – деп түсіндірді Сүлейменов.



Сүлейменов сондай-ақ бағдарламаға ақша Ұлттық қордан немесе Ұлттық банктен бөлінбейтінін, оны үкімет қаржыландыратынын айтты.

Ұлттық банк төрағасы қазір бұл бағдарламаны пайдаланатын адамдардың шеңберін анықтау маңызды деп санайды. Сүлейменов халықтың осал топтарына ерекше назар аударуға шақырды.

Талқылау