Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8,5 млн теңгеге дәрі-дәрмек тәркіледік – Сағынтаев

"Алматы" телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасында Бақытжан Сағынтаев елдегі қиын жағдайды пайдаланып, пайда тапқандар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев үндеу жариялады

Әкімінің айтуынша, 8 адам зират қызметкерлерінің заңбұзушылығын айтып, полицияға жүгінген.

Олар тағайындалған сомадан бөлек 70-80 мың теңге ақша сұраған.

Аталмыш іс бойынша 2 адам ұсталды.

"Қалада медициналық заттар мен дәрі-дәрмек бағасын шарықтатқан алыпсатарлар ұсталды. Олар ең қажет бұйымдарды көтерме бағамен көп мөлшерде сатып алған. Сосын интернет арқылы хабарландыру берген. Қалалық полициямен біріге отырып, клиент ретінде хабарласып, кездесуден соң оларды әшкерелеумен айналыстық. Осылайша 8,5 млн теңгеге дәрі-дәрмек тәркіледік", - деді әкім.

Заңсыз дәрі саудасының жолын кесу үшін полиция, экономикалық тергеу департаменті, тауарлар мен қыметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің мамандарынан мобильді топ құрылды.

Мобильді топ 100-ге жуық жуық құқықбұзушылықты анықтады. Оның 24-і бойынша қылмыстық іс қозғалды. 986 қаптама "Левоцин", "Ингавирин", "Фраксипарин", "Азитромицин", 8,5 млн медициналық маска тәркіленді. 39 адам әкімшілік жауапершілікке тартылды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Шілде, 2020 13:18
Талқылау