Басына 7-қабаттан кресло түскен: 81 жастағы қария оқыс оқиғадан көз жұмды
Новосибирск қаласында 81 жастағы қарияның үстіне тұрғын үйдің 7-қабатынан кресло құлап, көз жұмды. Бұл туралы Ресей тергеу комитетінің аймақтық басқармасының сайтында хабарланған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 3 наурыз күні болған. 1941 жылы туған ресейлік әйелдің денесі Теміржол ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдынан табылған.
Оқиға орнына жеткен полицейлер 7-қабаттағы жалдамалы пәтерге көшіп келген жаңа тұрғындардың ескі жиһазды терезеден лақтырғанын анықтады. Креслоның бірі далаға итімен серуендеуге шыққан қарт әйелдің басына түскен.
Мариупольде 60-тан аса адам кепілге алынды: Олардың жартысы әйелдер мен балалар
Алған жарақатының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Ресей Қылмыстық кодексінің 109-бабының, 1 тармағы ("Абайсызда адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Талқылау
Пікір