Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
80 жастағы кейуана Мақпал Жүнісоваға гаухар тасты сақина сыйлады (видео)
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қостанайда өткен тойда 80 жастағы кейуананың қолынан гаухар тасты сақинаны сыйға алды, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында айтып, видео жүктеді.
Халық әртісі 80 жасқа толған Балдырған есімді әжейдің тойында болған. Халықтың ерке қызына құрметін көрсеткен той иесі оған гаухар тасты сақина сыйлады.
«Ал керек болса, гаухар тасты сақина. Рақмет! Апамның көзі деп тағып жүремін. Домбыра шерткенде қолыма қарап отырасыз ғой. Міндетті түрде тағып жүремін», – дейді Мақпал Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың еңбегі сіңген әртіс екенін айтып, «қандай құрметке де лайықты» деп жатыр.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді