Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

80 жастағы қазақстандық зейнеткер сот арқылы 8 баласы мен немересінен алимент өндірді

Зейнеткер

Фото: Pixabay.com

Атырауда 80 жастағы зейнеткер сегіз баласы мен бір немересінен өзін күтіп-бағуға алимент талап етіп, сотқа шағым түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сотта зейнеткер 10 жылдан астам жалғыз тұратынын айтты. Туыстарының ішінде бір ұлы ғана хабарласып тұрады, қалған балалары мен немересі ешқандай материалдық, моральдық қолдау көрсетпейді. Оның айтуынша, денсаулығы мен материалдық жағдайының нашарлауына байланысты туыстарының көмегіне зәру.

“Заң бойынша кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар көмекке мұқтаж мүгедек ата-анасын асырауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. Олар кәмелетке толған еңбекке жарамды немерелерінен алимент өндіруді сот арқылы талап етуге құқылы”, – деді сот.


Қазақстандық зейнеткерлер мүгедектігі бар жұбайларына жеке көмекші бола алады


Ақмола облысында әлеуметтік қызметкер зейнеткердің ақшасын ұрлады деген күдікке ілінді


Атырау қалалық соты тараптардың әрқайсысының материалдық және отбасылық жағдайына талдау жасап, талапкердің талаптары ішінара қанағаттандыруға жатады деген қорытындыға келді. Сот оның 8 баласы мен немересінен зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегі үшін 3 АЕК (11 796 теңге) мөлшерінде алимент өндіру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 11:50
Талқылау
`