70 жастағы әжей купальник жарнамалайтын “ең қарт модель” атанды (фото)
70 жастағы Дженни Госс Ұлыбританияда купальниктерді жарнамалайтын ең қарт модель атанды.
Бұл туралы ағылшын басылымы The Sun-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Соңғы фототүсірілімде әйел Sandstorm Luxury брендінің купальниктерін жарнамалаған.
Дженнидің күйеуі Питер өткен жылы көз жұмды. Ол әркез спортпен айналысатын әйеліне қолдау көрсететін.
«Әйел заты жасына қарамастан, өзін өте сенімді сезінуі керек», – деген еді ол көзі тірі кезінде.
«Мен өзімді өте жас сезінемін. Әдемі қалыпта болғанды ұнатамын», – дейді Дженнидің өзі.
Ал біздіңше, 70 жастағы қарияның фитнес жаттықтырушысы әрі модель болып жұмыс істеуі расында да таңғаларлық іс…
Жіберіп алмаңыз:
Америкалық журналистер Виктор Храпуновтың былықтарын ашуға белсене кірісті
Перзентханадағы лифтке қысылып қалған жүкті әйелдің денесі екіге бөлініп кетті (фото)
Полицей: Педофил мен шалбарын көтеріп жатқан баланы көргенде әлем көз алдымда жойылып кетті (видео)