Полицей: Педофил мен шалбарын көтеріп жатқан баланы көргенде әлем көз алдымда жойылып кетті (видео)

Жексенбі, 20 Тамыз , 2017 16:29

Кеден қызметінің капитаны Таир Таиридің есімі бір-ақ күнде БАҚ бетінде танылып кеткен еді. Оқиға Бакуде болған. Полицей Таир Таири жас баланы зорлағалы тұрған педофилден құтқарып қалған. Полицей оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

450_58b99cf33f20f

“Мен бұған дейін құдайға сенбейтінмін. Бірақ дәл сол күні мені құдай айдап сол жерге апарды. Баланы құтқаруға мен тек себепші болдым. Әйтпесе мен Ахмедлыда тұрмаймын. Бірақ сол күні сонда бара қалдым. Көлігім бұзылып, жөндету үшін қалтарысқа бұрылдым. Көлігімді жөндеп жатқанда, өзім сыртқа шығып темекі шегіп тұрғам. Бір кезде шөп арасында әлдекімнің жасырынғанын көрдім. Оны көлік заттарын ұрлайын деп жүрген ұры екен деп ойлап, айғақ үшін видеоға түсіре бастадым. Ал, жақындағанда оның қасында шалбарын көтеріп жылап тұрған жас баланы көрдім. Әлем көз алдымда төңкеріліп түскендей болды», – дейді ол.

Screenshot_15

Полиция капитаны өзінің әрекетін ерлікке жатқызбайды. Бұл құдайдың қалауымен болған жайт деп санайды.

Screenshot_17

«Педофил мені көре сала қашты. Мен оны қуа жөнелдім. Жақындап қалғанда артымда жүгіріп келе жатқан баланың даусын естідім. Сосын тоқтай қалып баланы көтердім. Ол  жылап тұрды. Педофил қашып кетті. Кейіннен іздеу салып, тауып алдық. Сол маңда бір шебердің қоластында жұмыс істейді екен. Жас бала кедей отбасынан шыққан. Анасы оны өзімен бірге жұмысына алып кеткен. Педофил балаға сағыз беріп алдап, сыртқа алып шығып кеткен. Бірақ сот сараптамасынан балаға зақым келмегенін, оны зорлап үлгермегені анықталды. Педофилдерге ату жазасы берілгенін қалар едім. Осы оқиға әлі көз алдымда тұр. Өз балаларымның қауіпсіздігіне баса мән беретін болдым”, – дейді Таир Таири.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандық боксшы WBC-дан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Құрбан шалуға қатысты әр мұсылман білуі тиіс 12 дерек

Мұсылманша түс жору

Асқазанда құрт барын қандай белгілерге қарап білуге болады?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар