7 мамыр күні Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді: Қайдан көруге болады
Фото: gov.kz
7 мамырда Астанадағы "Қазақ елі" алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, салтанатты шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы То Лам да қатысады.
Жеңістің 80 жылдығы: Астанада өтетін әскери шеруге 2,5 миллиард теңге бөлінеді
"Бұл – саяси сауал": Сенатор Жеңіс күніндегі шеруге 2,5 миллиард жұмсауды орынды деп бағалады
“Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада 7 мамырда кей көшелерде қозғалыс шектелетіні туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген