Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"5,6 миллиард теңге бөлінді": Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген төрт субұрқақ ретке келтіріледі

Фото: pixabay.com

Алматыда 15 жыл бойы жөнделмеген 4 субұрқақ кешені ретке келтіріледі. Оны жөндеуге 5,6 миллиард теңге сомасына шарт жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол субұрқақтар:

  • әкімдік ғимаратының шығыс және батыс жағында,
  • Республика алаңында,
  • Ғ. Мүсірепов театры жанында орналасақан.

Оларға күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінде көрсетілген.

15 сәуірде 5,6 миллиард теңге сомасына 4 субұрқақты кешенді жаңғыртуға шарт жасалған. Алматы әкімінің есебінде Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі.



“Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90% орындалды. Мұнда "Lorberg" (Германия) питомнигінен әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ірі ағаш, сондай-ақ 3300 бұта отырғызылды.

Қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Алматыда Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ірі ағаш отырғызылған жаңа сквер пайда болады. Бұл учаскеде резервуарды дайындау және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 13:38
Талқылау