Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

55 жыл бұрын перзентханадан ұрланған бала табылды

АҚШ-тың Мичиган штатында 55 жыл бұрын үлкен шу болып, Дора Фрончактың жоғалған баласы табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

1964 жылы сәуір айында Чикаго қаласының тұрғыны Дора Фрончактың босаныпты. Келесі күні Дора жатқан перзентхана бөліміне медбикенің киімін киген әйел кіріп, оның ұлын дәрігерге апару керектігін айтып, алып кеткен. Сол күйі ол әйелді де, баласын да ешкім таппапты. 

Жоғалған баланы іздестіруге полиция, ФБР, тіпті хат тасушылар да жұмылдырылған. Екі жылдан кейін Нью-Джерсиде бір бала табылып, жоғалған бала болуы мүмкін деп анасына қайтарылыпты.

Алайда 2014 жылы жасалған ДНҚ сараптамасының нәтижесінде баланың анасы Дора еместігі анықталыпты. Содан кейін ФБР тексеріс жұмыстарын қайта бастапты. 

Бірнеше ай бұрын ФБР агенттері 55 жыл бқрын жоғалған баланы анықтапты. Ер азамат осы уақыт бойы Мичиган штатындағы кішкентай қалалардың бірінде тұрып келген. Оның жасы 55-те, бұған қоса ол қатерлі ісікке шалдыққан. Алайда тергеу ісі әлі аяқталмаған көрінеді. Баланы ұрлаған әйелдің не себепті бұған барғандығы әлі анықталмапты. 

 

STAN.KZ
Жұма, 20 Желтоқсан, 2019 17:17
Талқылау