"5 минутта өтіп кетті": Айнұр Тұрсынбаева киілген көйлектерін сатылымға шығарды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева гардеробын жаңартып, көйлектерін сатылымға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында киімдерінің көп екенін айтты.
“Бір-екі рет киілген киімдерімді сатуға шығарамын. Тіпті, арасында киілмеген көйлектер де бар. Аяқ киімдер де толып жатыр. Егер 35-36 өлшемді кисеңіз, сатып алуға үлгеріңіз. Меккеден алған көйлектерімді де сатуға қойдым. Меккеге бару нәсіп етсін. Үйге киетін шапан көйлектерімді де көрсетілген парақшадан аласыз. Алтындарымды да тақпайтын болғасын сатуға шығардым. Бриллиант тастары болғасын 150-210 мың теңге арасында болады. Қыздар, сатып үлгермей жатыр”, – деп жазды Айнұр.
-
"Өзі келе алмады": Айнұр Тұрсынбаева жолдасының туған күнінде берген сыйлығын көрсетті
-
"Дәлелсіз жала жауып жатыр": Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі тосын мәлімдеме жасады
Желі қолданушылары қолжетімді көйлектерді алып үлгермей жатқанын қызу талқылады.
“Суға түспей күтіп отырмыз”, “5 минут сайын өтіп кетіп жатыр”, “Жұмыстың бәрін ысырып, парақшада көйлек күтіп отырмыз”, “Өте керемет мүмкіндік екен. Айнұрдың байлығы жұғысты болсын”, “Көріп үлгермей жатып, сатылып кетті”, “Тағы да көйлектер салыңызшы”, “Дым үлгермедік”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, айтыскер ақынға бауырлары туған күніне көлік сыйлағанын жазған едік.

"11-15 жастағылардың үлесі 2 есе артқан": Шылым шегетін жастардың санын азайту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр
