Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

440 мәйіт: Украина қаласында Ресей әскері кері шегінген соң үлкен зират табылды

Харьков облысындағы Изюм қаласында ресейлік әскерилер кері шегінген соң 440 қорымнан тұратын зират табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зираттар Украина

Бұл туралы Харьков облыстық полициясы тергеу басқармасының басшысы Сергей Болвинов пен із-түссіз жоғалғандар азаматтар жөніндегі өкіл Олег Котенко мәлімдеді. 

Кей зираттарда крест қойылып, жазу жазылған. Кейбірінде гүлден өрілген гүлдестелер болса, кейбірінде мүлде жазу жоқ.Тақтайшаларда "Украина қарулы күштері, 17 адам, моргтен", "345", "412" деп жазылған. 

Болвиновтің сөзінше, көз жұмғандар арасында әскерилермен бірге бейбіт тұрғындар да бар. Олар түрлі себептен ажал құшқан: жарылыс және атыс салдарынан, кейбірін атып тастаған. 

Мәйіттерді эксгумациялау жұмыстары енді басталған, сондықтан мерт болғандардың жеке тұлғалары әлі анықталмады. 

Олег Котенко зиратты бұған дейін ресейлік әскерилердің суретке түсіргенін айтады. Сондықтан олар Изюм қаласынан кеткен соң, тұрғындар зиратты қай жерден іздеу керегін білген. 

"Мәйіттерді жерлеу үшін қай жерден алғанын көрсететін бірыңғай тізім бар деп ойлаймын. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз және тізімді табамыз. Сол кезде бұл адамдардың кім екенін, неліктен аты-жөні емес, тек нөмір белгіленгенін түсінеміз", – деді Олег Котенко. 

Талқылау