Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"44 миллион теңге төлеп бергені анық жазылған": Кәрім Мәсімовтың інісінің ісінде дау шықты

Павлодар облыстық полиция депаратментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің адвокаты прокурорды шеттетуді талап етті. Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Нұрлан Мәсімов

Адвокат Дмитрий Куряченконың айтуынша, прокурор іс материалдарынан сотталушы Евгений Евковичтен жауап алу хаттамаларын алып тастауды өтінді. Дәл сол хаттамалар кәсіпкердің өз қызметі үшін ақы алғанын растап отыр.

"Бізге, адвокаттарға істі танысу үшін берген кезде бірінші томда 2022 жылы 9 сәуірде Евковичтен жауап алу хаттамасы видеосымен бірге болған. Видеода тергеуші "Сізге Мәсімовке арналған үй үшін қанша ақша берді?" деген сұрақ қойып жатыр. Евкович Сиразидимовтан шамамен 44 миллион теңге алдым дейді. Бірақ жауап алу хаттамасында дәл осы сұрақ-жауап болған жоқ. Осыған байланысты біз тергеушінің құжатты бұрмалап жібергенін мәлімдедік", - деді Куряченко.

Дәл сол құжаттың негізінде Мәсімовке қатысты пара бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Бірақ оны сотқа дейінгі тергеулер тізіміне қосқан жоқ. Прокурор да сотта хаттаманы дәлел ретінде пайдаланған.

Заңгердің сөзіне қарағанда, хаттаманы бұрмалау әрекеті анықталғаннан кейін айыптаушылар ол құжатты алып тастап, тергеуді қайта бастады. Одан кейін хаттаманың түпнұсқасы шықты. Онда Сиразидимовтың Евковичке 44 миллион теңге төлеп бергені анық жазылған. Бірақ құжатты 69 томға қосып қойды. Себебі бірінші томда бұрмаланған хаттама кетіп қалды.

Ал соттың кешегі отырысында прокурор судьядан екі хаттаманы да істен алып тастауды сұрады. Бірақ себебін айтпады. Адвокаттардың айтуынша, осы дәлелдер Мәсімовті үйді пара ретінде алғаны үшін айыптауға кедергі болып отыр. Өйткені үйді салуға арналған ағаш үшін ақша төленді.

Кәсіпкер Евкович болса, сотта кәулік етуден бас тартты. Ол тергеу кезінде айтылған түсініктерін пайдалануды сұрады. Ал Сиразидимов тергеу кезінде камерада емес, үйде отыру үшін өз бастығына жала жапқанын мойындады.

Талқылау