Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

41 градусқа дейін аптап ыстық: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2022 жылғы 9-11 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

аптап

Синоптиктер еліміздің кей аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауатынын айтады. 

“Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі”, – делінген ауа райы болжамында.


Еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі: Шілдеге арналған болжам жарияланды


Қазгидромет хабарлауынша, еліміздің оңтүстік-батысында күн 41 градусқа дейін ысиды. 

“Ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°с, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С күтіледі”, – деп қосты синоптиктер.

Дидар Халық
Жұма, 08 Шілде, 2022 10:46
Талқылау