Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 мың доллар: Қайрат Түнтеков атышулы жол апатының қарызынан енді құтылды

Төрт жыл бұрын құжатсыз рөлге отырып, аса ауыр жол апатына ұшыраған Қайрат Түнтеков сол оқиғадан кейін біраз қиыншылықты бастан өткерді. 40 күн қамауда отырды, 40 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, әншіге елден шығуға тыйым салынған.

Коллаж: Stan.kz

Бұл туралы Қайраттың анасы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Ол мәселені мүмкін бірден шешуге болатын ба еді?! Бірақ Қайрат ешқашан біреуге салмақ салғысы келмейді. Жол апатына ұшырағанын бізден жасырып келді, БАҚ құралдары шулаған соң ғана білдік.

Соттың қателігі сол, айыппұл жазды. Бірақ Қайратқа Қазақстаннан шығуға тыйым салды. Ешқайда шықпаса ол ақыны қалай төлейді? Оны ешкім ойламады. Әйтпесе ұлымды Америкаға, т.б. көптеген елдерге шақырды. Бірақ ол бара алмады. Қателеспесем, жақында соңғы қарызын өтеді”, – деп ағынан жарылды арнайы Алматыға ат терлетіп келген Ғалия Түнтекова.

Сөз арасында Ғалия ханым ұлының талантты әнші екенін айтып мақтанды.

“Ұлым тым жақсы әнші. Кез келген тілдегі әнді 1-2 күнде жаттап алып, айта салу екінің бірінің қолынан келмейді”, – деп бөлісті ол.

Қарызынан құтылғанын Қайраттың өзі де растады.

“Аллаға шүкір, иығымнан жүк түскендей болды. Әуелі Алла Тағаланың арқасында қайтадан осындай дәрежеге жетіп жатырмын. Жалпы әр адамның өзінде қайсарлық болу керек. Мүмкін менде бар шығар сол. Біраз қиыншылықтан өтіп, мойымай қайтадан алға шауып жатқаным Алланың арқасы”, – дейді Қайрат.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат: Сәбитпен ажырасқан соң Алтынай қатты өзгерді

Қарақат “тұсаукесерді бизнеске айналдырды” деп сынағандарға жауап берді

Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді

Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)

 

Талқылау