Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарақат “тұсаукесерді бизнеске айналдырды” деп сынағандарға жауап берді

Қарақат Әбілдина тағы бір кәсіп түрін ашып, жуырда жұртты бір шулатқан еді. Әнші тұсаукесерден бастап, түрлі мерекелік шараларды ұйымдастыратын орталық ашты. Бұл ретте жанкүйерлер “қазақтың салт-дәстүрін табыс көзіне айналдырды” деп Әбілдинаны сынға алды. Бұған Қарақаттың берер жауабы дайын.

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Қарақат орталық ашуға халықтың өзі итермеледі деп ақталды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Осындай орталық ашу ойымда болды. Бірақ қазір емес, бір кезі келер деген ойда жүрген едім. Бірақ осы екі айдың ішінде маған тұсау кесуге 100 бала жазылып, директорымның телефоны жарылып, менің инста-парақшама: “Баламыз екі ай бұрын жазылып еді, баламыз жүріп кетті, сіз бізді неге күттіріп қойдыңыз?” – деген толассыз хаттар келе бастады. Халықтың сөзі бұл істі кейінге шегеруге мұрша берген жоқ. Бұрын мен жүрген жердің бәрі, көше ма, сауда үйі ма, артымнан жүгіріп, ниет білдіріп жататын.

Мен қашанғы қазақтың тамаша тұсаукесер салтын бұрмалап, кез келген жерде жасауым керек? Ойлана келе, мен мұны әдемі мейрамханада есте қалатындай етіп жасаймын дедім. Ол баланың өміріндегі ерекше күн ғой, алғашқы қадамы… Мен оны қалай жасау керектігін білемін, білімім бар. Яғни, осындай орталық ашып, тұсау кестіріп, маған қыздарын ұзаттырып, маған үлкен жауапкершілікті арттырып отқан да халықтың өзі”, – деп түсіндірді Қарақат.

Барлығын халық үшін жасап жатырмын деген әнші ол үшін ақшасын да аямағанын айтады.

“Халықтың ниетіне орай, мейрамхананы алып, дастарханды жайып, ішін әдемілеп безендірдік. Концерттік номер, шашу, сыйлығымен, ақ жолын жасатып, әдемі есте қаларлықтай мереке сыйладық”, – дейді Әбілдина.

Көрерменге естен кетпес мереке сыйлауды көздеп отырған Қарақат бұл істі тегін атқармайды. Айтуынша, көрсетілетін қызметтің түріне қарай, оның қаламақасы да белгіленеді.

“Кез келген заттың жақсысы, жаманы сияқты, эконом, премиум клас деген болады. Жұлдыздармен әлде жұлдыздарсыз, яғни біз түрлерін ұсынамыз, ал таңдайтың халықтың өзі. Ақшасын нақты айта алмаймын. Себебі мен шығармашылық тұрғыдан қарап отырмын. Бірақ негізгі мақсатым пайда табу емес”, – деп түсіндірді әнші.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат: Сәбитпен ажырасқан соң Алтынай қатты өзгерді

Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді

Мейрамбек Бесбаев: Алтынбек Қоразбаевтың арқасында аяғымнан ешкім шалған емес

Әшімов Тастанбековті өлеңмен жоқтап, жылап тұрып қалың жұртқа ішкі сезімін ақтарды (фото, видео)

Талқылау