Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді

Бейсенбі, 21 Желтоқсан , 2017 9:49

15 жылдан аса уақыт отасқаннан кейін екіге кеткен Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның хикаясы біраздан бері ел талқысында. Жорабаеваның өзі бірнеше жыл бойы ажырасқанын жасыруға тырысқанымен, отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге жетіп, ел арасында тез тарап кетті. Ақырында Жорабаева ажырасқанын ресми түрде мәлімдеп, оқиғаның мән-жайын баяндады.

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Алтынайдың 40 жылдық өмірі көз алдымызда, артық қимылы жоқ екенін білеміз”, – деп бастады әңгіменің әлқиссасын Алтынайдың әкесі Құлажан мырза.

Әншінің әкесі экс-күйеу баласына қатысты жағымсыз сөздер жаудырып не болмаса ашуға бой алдырған жоқ. Тек астыртын оған деген ренішін былай деп жеткізді.

“Ер адамдар бар, сыйлағады түсініп, одан бетер жолдасын сыйлайды. Бір ер кісілер бар, сыйлағанды білмей, қоқаңдап кетеді. Мағынасын өздеріңіз де түсініп тұрған шығарсыздар. Бірақ Алтынай шешесінің тәрбиесін алған қыз, ердің алдына шықпа, соған күйеуге тидің бе, соның айтқаны заң деп тәрбиеледік. Бірақ соған келді. Жаңа айтқанымдай, түсінетіні бар, түсінбейтіні бар, көтеретіні бар, көтермейтіні бар”.

Бұл пікірге әншінің анасы Жаңыл апай да қосылды.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Салтанат Бақаева күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (видео)

2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады

Нұрмағанбетова: Қайырымдылықтан пайда көргісі келетін, ұйымдастырушыларды алдап кететін әншілер көп

Ерке Есмахан хит әнін түрік актерімен бірге орындайтын болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар