AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40 адам жұмыс істей алмай қалды: Алматыда Wolt курьерлері тағы да наразылыққа шықты

Алматыда Wolt жеткізу қызметінің курьерлері тағы да наразылыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Наразылыққа шығушылар компания кеңсесінің алдына жиналып, талаптарын жеткізді. Олардың басты талабы – бұрынғы тарифті қайтарып, жалақыларын қалпына келтіру. 

Wolt жеткізушілерінің бірі Бауыржан Әділхан да төлемнің азайып қалғанын айтып шағымданғандардың қатарында. Ол осыған дейін де наразылыққа шықанын, алайда ешқандай өзгеріс болмағанын жеткізді.

“Наразылыққа шыққан себебіміз – біздің төлемақымызды тарифті өзгерту арқылы 30-35 пайызға кемітіп тастады. Мысалы, осыған дейін салықтардың барлығын төлегеннен кейін курьер 200 мың теңге жалақы алатын болса, тариф өзгергеннен кейін 140 мың теңге ғана жалақы алатын болды. Кейіннен тағы арақашықтыққа төлейтін қаражатты қысқартып тастады. Біз ешқандай пайда таппайтын болып қалдық. Біз бұдан бұрын да наразылыққа шыққанбыз. Кейіннен бізге бірнеше күнде жауап береміз деп айтты. Бірақ бізге жауап берген жоқ. Оған қоса қырыққа жуық курьерді блокка салып, жұмыс жасай алмайтын етіп тастады”, - дейді Бауыржан Әділхан. 

Бүгін де жеткізушілер жауап алмақ болып, наразылыққа шыққан. 

“Бүгін жауап алу үшін жиналдық. Аудан әкімі, жергілікті менеджер келді. Талаптарды орындайтынын айтты. Алайда болашақта тариф бәрібір өзгертетінін жеткізді. Бүгін кешкі алтыдан бастап тариф қайтарылатынын айтқан. Енді ертең таңертең кері қайтаратын болды”, - дейді ол. 

Наразылыққа шыққан курьерлерге компанияның бас менеджері Әлібек Иесов жауап берді. Оның сөзінше, төлем нарықтағы бағаға негізделіп жасалады. 

“Былтыр қыста төлемақы 15 пайызға көтерілген болатын. Нәтижесінде қаражат кері қайтарылатыны туралы хабарланған болатын. Енді биыл қаражат кері қайтарылды. Бірақ 15 пайызға емес, 12 пайызын кері қайтардық. Сонымен қатар, алыстағы және жақын жердегі тапсырыстар арасындағы төлем мөлшері өзгертілді. Осы жағдай жеткізушілердің наразылығын тудырды. Сонымен қатар төлем 30 пайызға төмендетілді деген де жалған ақпарат тарап кетті. Сәйкесінше, бүгін курьерлер наразылыққа шығып, төлеммен келіспейтіндерін айтты”, - дейді ол. 

Алайда бас менеджер төлемнің азаятынын алдын ала ескерткенін алға тартты. Қазірге төлем қалпына келтірілгенімен, алдағы уақытта өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

“Бірақ біз алдын ала ескерткенбіз. Қазіргі таңда мәселенің алдын алу үшін біз қыста төленген төлем мөлшерін қайтаратын болдық. Біз ескі жүйені қалпына келтіріп жатырмыз. Енді аудандық әкімшілік тарапынан да жаңа төлем жүйесіне талдау жасалады. Wolt тарапынан курьердің қызметі біз үшін өте маңызды екенін айтқым келеді. Сондықтан, олардың төлемін арзандатқымыз келмейді”, - дейді Wolt компаниясының бас менеджері Әлібек Иесов.

Нәтижесінде компания тарифті кері қайтаратын болып шешті. 

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда азық-түлік жеткізу қызметінің 50-ге жуық курьері ереуілге шыққаны туралы жазған болатынбыз. 


 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр